Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазанмен сүйіншілеп, баспасөз маслихатын жасады

21.06.2014 3697 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Сейіткәрімұлы найб имамдармен облыстық баспасөз орталығында тілшілер қауымымен кездесу өткізді. Мұндағы мақсат Қызылорда халқын және қонақтарын сүйіншілей отырып барша адамзатты игілікпен ізгілікке бастайтын мүбәрәк Рамазан айының басталуына санаулы күндердің қалғанын айта отырып халықты құттықтап, Бас мүфтидің үндеуін таныстырып бұл айдың мән – мағынасымен, қасиетінен хабардар етті.

Сондай-ақ кездесу барысында оразаның әрі қаза, әрі кәффарат қажет ететін жағдайларын, ораза ұстай алмайтындардың жағдайларының әр қайсысына жеке-жеке тоқталып түсіндірілді.

Биылғы ораза:

2014 жылы мұсылмандық ай күнтізбесі бойынша 30 күн

Маусымның 28-нен  басталып, шілденің 27-не дейін болады.

Шілденің 23-нен 24-не қараған түн – «Қадір түні»

Сәресі ішу Таң намазына 10 минут қалғанда тоқтатылады.

Ақшам намазының уақыты кірісімен ауызды құрма немесе сумен ашуға болады.

Тарауих намазы Құптан намазының парызынан кейін оқылады.

Байқамай, ұмытып жеп немесе ішіп қойса, ораза бұзылмайды. Есіне түскен кезден бастап тоқтатып, оразасын жалғастырады. 

Ораза ұстай алмайтындардың жағдайы. Ораза стауға шамасы келмеген жандарға фидия беру -  уәжіп. Бұлар ауруларының айығуы үміт етілмеген жандар мен ораза ұстауға шамасы жетпеген қарт кісілер.

Жолаушы оразасы. Жолаушыға келсек, 90 шақырымнан астам жерге жолаушылап шықса, жолаушы саналып, ораза ұстамауына рұқсат. Бірақ кейін ұстамаған күндердің қазасын өтейді.

Оразасын әдейі бір күн бұзғандар, екі ай қатарынан ораза ұстап өтеуі қажет.

Сондай-ақ орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен 30 күнде 30 мекемеде кездесу ұйымдастырылып уағыз насихат жүргізіледі.

Рамазан айында қала мешіттерінде жамағаттарға арнап ауыз ашарлар жасалынады. Ал орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітімен қалалық «Айтпай» мешітінде бір ай көлемінде Сыр халқы мен қонақтарына ауыз ашар жасалынады.

Қаламызда орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен 26- маусым күні сағат 19:00 де «Қош келдің Рамазан!» атты концерттік бағдарлама болады.

Пітір садақасын Рамазан айының басынан айт намазына дейін беруге болады.

Пітір садақасы Қазақстан аумағы бойынша 200- теңге.

28-шілде дүйсенбі ораза айт мейрамы басталады. Айт намазы сағат 8:00-де оқылады. 

 Міне осы секілді жайттармен халықты таныстырып бір қатар мәселелерге тоқталып өтті.

Қызылорда облысы өкілдігінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру