Өскемендегі зағиптар мен көздері нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана жаңа құралмен жабдықталды. Енді кітапхана оқырмандары әріптерді 16 есе үлкейтіп көрсететін аппарат арқылы кез-келген кітапты оқи алады. Бұл әдеби шығармалардан сусындап, көңілдеріне медеу табатын мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ерекше қуанышты жаңалық болды" деп хабарлайды "Бақ.кз".
Кітапханада оқырман ретінде тіркелген 700-ден астам кісі бар екен. Қазір олар жаңа аппаратпен жұмыс істеудің қыр-сырын үйренуде. Көз жанарлары мүлдем көрмейтін зағиптардың да біліммен сусындауға мүмкіндігі бар. Ондай жандар брайль жүйесімен басылып шыққан кітаптарды оқи алады. Кітапханада осы жүйенің қыр-сырын меңгертуге арналған дәрістер оқытылады.
E-islam.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.06.2014
3237
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру