Іс-сапармен Солтүстік Қазақстан өңірінде жүрген РАНТ мүшелері Мақсатбек Мақсұтұлы мен Бауыржан Отарбаев 19 маусым күні «Терроризм мен экстремизм мәселелері» тақырыбында болған дөңгелек үстелге қатысты. Оған сондай-ақ имамдар, Дін істері басқармасынан, ішкі істер департаментінен және БАҚ-тан өкілдер қатысты. Кездесу өзара пікір алмасу, тәжірибемен бөлісу түрінде өтті. Осыдан кейін облыстық телеарнаға РАНТ-тың мақсаты мен еліміздегі діни ахуал туралы сұхбат берді.
Ал іссапардың соңғы күні РАНТ мүшелері қалалық мектеп-гимназияда өткен маңызды жиынға қатысты. Аталмыш жиында қаланың барлық дінтану пәнінің мұғалімдері, Дін істері басқармасынан, білім басқармасынан өкілдер қатысты. Сондай-ақ онлайн арқылы бірқатар аудан мектеп мұғалімдері де бұл жиынға қатыса алды.
Кездесуде дін мен жастар, білім алу, кері ағымдары жайлы сөз қозғалды. Мұғалімдер дін мамандарына біршама өзекті сұрақтар қойды. Кездесу соңында тараптар www.e-islam.kz ақпараттық порталы арқылы өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, РАНТ мүшелері қойылған сұрақтарға жауап қайтарады деп келісті.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.06.2014
3079
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру