Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Аймақтық «islam-atyrau.kz» сайты БАҚ өкілдеріне таныстырылды

19.06.2014 3894 0 пікір

Маусымның 19-ы күні Атырау облысы Дін істері басқармасы және «Ақпарат» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен облыстық БАҚ өкілдеріне «Дін тақырыбын насихаттаудағы БАҚ-ның рөлі» атты тақырыпта семинар өткізілді.

Жиында Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Шохаев Еркінбек Керімбекұлы БАҚ өкілдерін «Баспасөз күніне» орай журналистерді арнайы алғыс хаттармен марапаттап, мереке қарсаңында барлық БАҚ өкілдерін құттықтап өтті. Сонымен қатар, Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығының» басшысы Жарас Мағазұлы Есенғалиев «Атырау облысы Дін істері басқармасы ақпараттық-талдау орталығының іс-тәжірибесі» атты баяндамасын журналистер назарына ұсынды.

Кездесу соңында «Иманғали» орталық мешітінің баспасөз хатшысы Алмажай Тәжіғұлова асыл дінімізді өркендету мақсатында «islam-atyrau.kz» сайтының жұмысына шолу жасап, «жаңалықтың жаршысы» атанып кеткен журналистер қауымын бірігіп қызмет етуге шақырды.

«Иманғали» орталық мешітінің 
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру