Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ислам құндылықтарымен сусындатуға арналған іс-шара өтті

19.06.2014 3412 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жалпы және жастар ісі бөлімінің ұйымдастыруымен үстіміздегі жыл ЛА-155/6 түзету мекемесінде халықаралық балаларды қорғау күніне орай жасөспірімдерге арналған Алматы қаласы Жетісу ауданы иманды жастарының атынан қайырымдылық шара болып өтті. Осы күнге орайластырып мекеме бастығы әділет майоры Айдарбеков Қайрат Исламбекұлы ашық есік күнін жариялады.

Шараға Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Жаннат Шәріпханқызы, «Мадина» мешітінің бас имамы Ермек Мұқатай, Жетісу ауданының бірқатар имамдары және түзету мекемесінде тәрбие алып жатқан балардың ата-аналары қатысты.

Мерекелік шарада бірқатар азаматтар құттықтау сөздерін айтты. Өз кезегінде «Мәдина» мешітінің бас имамы Ермек Мұқатай бас бостандығынан айырылған балаларға осы жерден тәрбиеленіп шығып, Қазақстанның гүлденуіне еңбек сіңірулеріне тілектестігін білдіріп, құттықтау тілегін айтты.

ЛА-155/6 мекемесінің басшысы Қарат Исламбекұлы өз сөзінде осында жатқан балалардың басым көпшілігі мұсылман болғандықтан оларды ислам құндылықтарымен сусындата отырып тәрбиелеу керектігін айта келе, алдағы уақытта дін қызметкерлерімен бірлесе отырып тәрбиелеуге мүдделі екендін білдірді.

Алматы орталық мешітінің
баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру