Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жүз жүйріктен – шын жүйрік

19.06.2014 3574 0 пікір

Жазғы демалыс уақытында  мектеп қабырғасындағы жас өспірім оқышылардың уақыттарын тиімді пайдалану және тәлім-тәрбие беру мақсатында ҚМДБ аса мән беруде. Осы бағытта Талдықорған өңіріндегі қала, аудан және ауыл мешіттерінде балаларға діни сауат ашу курсын оқуымен қоса, жатқызып оқытуға жете көңіл бөлінуде.

Ораза қарсаңында жиырма күндік жатқызып сауат ашу курыстарының алды өз мәрелеріне жетіп жатыр. Бүгін облысымыздың өкіл имамы Серікхан Рымханұлы Ескелді ауданында сауаташу курсын аяқтаушы жас өспірімдермен бірге болды. Ескелді ауданың имамы Жұмағалиев Болаттың оқытқан шәкірттерінің арасында  «Жүз жүйріктен – шын жүйрік» атты Қасиетті Құранды жатқа мәнерлеп оқудан жарыс өтті.

Бұл жарысқа Ескелді ауданы және осы ауданға қарасты Ешкіөлмес және Жетісу ауыл мешіттерінің 150 ге жуық шәкірттері сынға түсті.

Сынға түскен шәкірттерден  20 шәкірт іріктеліп алынып олардың арасынан жеңімпаздар анықталды. Бас жүлдені Жетісу ауылынын жүйрігі 9 жасар Тенлікқызы Ләззат қанжығасына байлады. Бір қызығы бірінші орын иегерін анықтау төрешілерге қыйынға түсті. Шетінен ынталы алғыр балаларға Серікхан Рымханұлы ризашылық білдіріп қайтара Құран оқытып, діни сауалдар қойып, 1- ші 2 - ші  3 -ші орын иегерлерін анықталып, оларға бағалы сыйлықтармен арнайы мақтау қағаздары берілді. Осынау ізгі шараның артынан балаларға арнайы дастархан жайылып, түрлі ойындар ойнатылып, сый сияпаттар таратылды.

 

ҚМДБ Талдықорған өңірі 
бойынша баспасөз қызыметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру