Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Балаларға сертификат берілді

19.06.2014 3411 0 пікір

ҚМДБ-на қарасты «Орал» медресесінде ұйымдастырылған БҚО бойынша мектеп жасындағы оқушыларға арналған рухани сауат ашу курсын бастап кеткендігін хабарлаған болатынбыз. 

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының   бастамасын қолдау аясында ашылған екі апталық курста 6 мен 15 жас аралығындағы  90-нан астам бала мешіт ұстаздарынан дәріс алды.

Сауат ашу курсында дәріс алған шәкірттерге облыс имамы Руслан Сұлтанов ақ тілегін айтып, сертификатты табыс етті.  Облыстық «Құран  оқу» жарысында бас бәйгені жеңіп алған Әлембек Мұратбекұлы қасиетті құран-кәрімді оқып, орталық мешіттің бас имам Руслан Тыныштықұлы дұға жасады.

Сауат ашу курсында екі немересі білім алған Қабиева Ғайша әжеміз сөз алып, рухани ілімді үйреткен ұстаздарға, ұйымдастырған ҚМДБ-на, облыс имамына өз ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Ержан Жұмағожа
Орал медресесінің
директорының орынбасары 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру