Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Отбасы- шағын мемлекет» атты дөңгелек үстел өтті

19.06.2014 4968 0 пікір

Маңғыстау облыстық Бекет ата мешітінің бас имамы С. Сейтбеков «Нұр Отан» партиясының Ақтау қалалық филиалы ұйымдастырған дөңгелек үстелге қатысты. 

«Отбасы- шағын мемлекет» тақырыбында өткен жиында өкіл имам Исламдағы отбасы, жанұядағы өзара түсіністік, жастардың ажырасу себептері және оның алдын алу жолдары туралы баяндады. Сондай-ақ Смайыл Сүйерқұлұлы отбасы құндылығын жас жанұяларға насихаттау жұмыстарын көбейту керектігін, кез келген жанұяда мейірім мен тәрбиенің тамыр жаюы ұрпақ сабақтастығы болып табылатынын айтты.

Жиында сөз сөйлеген  Ақтау қалалық әділет басқармасының бастығы Айша Заманбекқызы «Отан отбасынан басталады» деген сөздің маңыздылығына тоқталды.  «Нұр Отан» қалалық партия төрағасының бірінші орынбасары  Рахымжан Шалбаевтың айтуынша, партия тарапынан өз отбасын берік ұстап келе жатқан жас отбасыларды насихаттап, оларды өз замандастарына үлгі ету шаралары жасалуда. 

Маңғыстау облыстық
орталық мешітінің
баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру