Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тасаттық рәсімі өткізілді

18.06.2014 7458 0 пікір

Бүгін маусымның 18-і күні «Иманғали» орталық мешітінің ұйымдастыруымен тасаттық рәсімі өтті. Жиынға Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Шохаев Еркінбек Керімбекұлы, Мысыр елінен арнайы келген ұстаз шейх Мухаммед Жамалуддин Хашим, Атырау облысы бойынша «Зекет» қорының төрағасы Жолдасов Сембай және мешіт ақсақалдары мен ақжаулықты аналар қатысты.

Алғашқы сөзді ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имам алып, бұл рәсімнің мешіт жанында алғаш рет өткізіліп отырғанын және алдағы уақытта да мұндай істер өз жалғасын табатынына сенімін білдірді. Сондай-ақ, мешіт ұстазы шейх Мухаммед Жамалуддин Хашим жиылған жамағатты кезекті  уағызымен сусындатты.

Тасаттықта көпшілік жиылып, құрбандық шалып, Құран оқылып, Алла тағаладан жаңбыр жаууын тілеп ниет қылды. Діни рәсімді атқарғаннан соң жамағат ақ дастархан басына жиылып, ақ тілектерін паш етті. Дастархан басында мешіт жамағаты арасынан абыройлы ақсақалдар қатары өз баталарын беріп, өкіл имамның бұл шарасына ризашылықтарын білдірді.

«Иманғали» орталық мешітінің 
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру