Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешіт құрылысына 110 000 000 теңгесін садақа етті

18.06.2014 4085 0 пікір

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Бараш Төлешова Талас Алатауының етегінде орын тепкен Қасқасу елді-мекенінде бой көтеретін мешіт құрылысына өз қалтасынан 110 млн теңгесін садақа етті.

Біз сөз етіп отырған жаны жомарт, қолы ашық мәрт азаматтың бұл қомақты садақасы классикалық үлгідегі мұсылмандардың құлшылық үйінің құрылысына жұмсалатын болады. Биіктігі 19 метр мешіттің іші мен тысы халқымыздың дәстүрлі ою-өрнегімен безендіріледі. Бір мезгілде 100 адамға дейін құлшылық ете алады.

islam.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру