Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бүлдіршіндер араб тілін меңгеруде

18.06.2014 3127 0 пікір

Жаз маусымы басталғалы мешіттер жанында жас бүлдіршіндерге арналған жазғы сауат ашу курсы бастау алды. Науан Хазрет атындағы орталық мешітте 30-ға тарта бала араб әліпбиін үйренді.

Осы бүлдіршіндерге сабақ беретін Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің студенттері Аманбек Сайлау және Нұрсұлтан Нұржан Құран сөзін үйренудің тағылымды екенін айтады.  Себебі, мешіт есігін ашқан адам одан ізгілік пен мейірімділікті санасына құйып шығады.

Сонымен бірге, әр-түрлі аяттар мен дұғаларды үйренуге мол мүмкіндік бар. Ең бастысы, мешіт әдебін білу арқылы жас түлек өзінің Жаратушы иесіне деген сүйіспеншілікті сезінеді. Бұл да имани істің қашанда адам үшін  аса асқақ тұратынын көрсетсе керек.

Науан Хазрет мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру