Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астанада ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті

18.06.2014 3317 0 пікір
Астана қаласы мешіттерінің Ақсақалдар кеңесінің жалпы жиыны ұйымдастырылып, жиналысы болып өтті. Аталмыш жиналыста Ақсақалдар кеңесі туралы жалпы ереже талқыланып, бірқатар бөлімдері қайта бекітілді.

Сондай-ақ, жақындап қалған Рамазан айына байланысты ұсыныстар мен тілектер ортаға салынып, атқарылуға тиісті шаралар тізімі жасалды. Жиналыс барысында ақсақалдар кеңесі назарына елордамыздағы мешіттердің 2014 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған жұмыстар есебі ұсынылды.

Ақсақалдар кеңесінде тағы бір талқыланған шаруа – алдағы рамазан айына байланысты ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Қазақстан мұсылмандарына жолдайтын Үндеуіне лайықты түрде атсалысып, халыққа кең түрде насихаттау жұмысы болып табылды.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру