Бүгін, яғни 17 маусым күні Жезқазған қаласындағы «жұмыспен қамтамасыз ету орталығында» кездесу өткізілді. Аталмыш жиынға Жезқазған аймақтық «Ахмет Ишан Оразайұлы» атындағы мешітінің наиб имамы Туленов Даулет Дүйсенбайұлы және қалалық ішкі саясат бөлмінің бас маманы Айшагүл Жаппарбайқызы қатысты. Кездесу барысында дәстүрімізбен біте қайнасқан бейбіт Ислам діні жайлы мағлұмат берілді. Сонымен қатар, ата-ананы құрметтеу және олардың ризалығын алу жайында айтылды.
Қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі жастардың жат ағымдардың ықпалында кетіп, теріс пікірлер таратуы жайлы егжей-тегжей түсіндірді. Тақырып барысында туындаған барлық сауалдарға дін маманы толық жауап берді.
ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы
бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.06.2014
3131
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру