Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жарылқаушы ай құрметіне орай

17.06.2014 3728 0 пікір

«Алла тағала қасиетті Құранда: «Жақсылықта, тақуалықта бір-біріңе көмектесіңдер», – деп бұйырған («Мәида» сүресі, 2-аят).

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет биылғы жылы Рамазан айына орай ел халқына жасаған үндеуінде «... баршаңызды қасиетті Рамазан айын мұқтаж жандарға көмектесумен, жетім мен жесірге, қарттар мен мүгедектерге мейірім көрсетіп, сауапты амалдармен, ізгі істермен өткізуге шақырамын» деген еді. Сондықтан да облыс көлемінде мешіттер арқылы Алла ризашылығы үшін көмекке зәру отбасылар мен жеке адамдарға жыл басынан бері үздіксіз әртүрлі деңгейде қайырымдылық жасалып келді»,-дейді ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Нариман Ермекұлы.

Облыстық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті тек өткен аптаның ішінде демеушілердің көмегімен жиналған қаражат арқылы көп балалы ана Гүлмираның отбасына диван-кереует, еденге төсейтін кілем, ал Гүлшаштың отбасына кіржуғыш машина,  сондай-ақ  Бақыт атты көп балалы ананың үйіне кілем сыйға тартылды. Ал қалалық «Ар Рахман» мешіті  ақсақалдар алқасы  қайтыс болған қайтыс болған жамағатты жерлеу үшін мәйітін Өскеменге жөнелуге  қаражат ұйымдастырып берсе, Екібастұз қалалық мешіті мен Май ауданы «Қожабек» мешіттерінде көмекке мұқтаж отбасыларға қайырымдылық ас беріліп, киім кешек, ақшалай көмектер жасалды.

Жарылқаушы ай құрментіне орай жасаған амалдарыңыз бен ізгі ниеттеріңіз басқа да айларда жалғаса бергей! 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру