Алматыдағы «Орбита» мешітінің Бас имамы Асан Тілеубердиевтің бастамасымен Алла үйінде Ислам құндылықтарымен сусындап жатқан мектеп жасындағы балалар Орталық мешітті аралап, хайуанаттар бағын тамашалады.
Биыл «Орбита» мешіті 50-ден астам балаға имандылық дәрістерін жүргізуде. Оларға пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмірі, дұға жасау, ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, әдеп сынды жақсылыққа үндейтін сабақтар беріледі.
«Мақсатымыз – балаларды жақсы азамат болып өсуге тәрбиелеу. Бүлдіршінді жас кезінен имандылыққа тәрбиелеп, бойына жақсы қасиеттерді ұялата білсек, ол жақсы азамат болып өседі», – дейді бас имам Асан Тілеубердиев.
«Орбита» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.06.2014
3568
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру