Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бесқарағайлықтар аудан имамын шығарып салды

17.06.2014 3339 0 пікір

Қасиетті жұма күні, Бесқарағай аудандық мешітінде, ҚМДБ – ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы – Мақсат  Қуанышбекұлы осы уақытқа дейін 6 жыл Бесқарағай аудандық мешітінің бас имамы қызметін абыроймен атқарған - Дубек Құсманұлына ризашылығын білдіріп, дінімізді насихаттаудағы белсенді жұмысын ерекше атап айтты. Аудандық мешіттің жұмысын жандандырып, діни ахуалды дұрыс бағытта қалыпқа келтіріп, дінімізді кеңінен насихаттаған сан салалы еңбегіне  рахметін айтты.

Жиынға Бесқарағай аудан әкімшілігінің өкілдері, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері қатысты. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы – Бауыржан Баталовпен бірге Дубек Құсманұлы бірнеше жылдан бері тығыз байланысты жұмыс атқарғанын, бұл азаматтың әкімшілік басқару жүйесі, жөнінде де саяси жағынанда, діни жағынанда өте білікті екенін жеткізді. Арнайы Бесқарағай ауданының әкімі- Нұрлан Батташұлының аудан имамы – Дубек Құсманұлына жіберген, Алғыс хатын тапсырып, әкімшілік атынан бағалы  сыйлықтарын табыс етті. Болашақтағы дін жолындағы жұмысына биік белес, үлкен табыс тіледі. Жиынға қатысқан ауыл имамдарымен мекеме басшылары  ізгі тілектерін білдіріп ақ жол тіледі.

Жұма намазына жиналған жамағат алдында өкіл имам – Мақсат Қуанышбекұлы, ҚМДБ – ның төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажұлының бұйрығымен Дубек Құсманұлын өкіл имамның найб имамы болып, тағайындалуына байланысты бұйрығын оқыды. ҚМДБ – ның төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажұлы хазреттің бұйрығы бойынша, Серікжан Аманұлының Бесқарағай аудандық мешітінің бас имамы болып, тағайындалғанын хабарлады. Қос дін өкілдерін жаңа қызметімен құттықтаймыз. Қызметтеріне сәттілік, еңбектеріне жемісті табыс тілейміз.

Бесқарағай аудандық мешітінің
ақсақалдар алқасының мүшесі
Ерсайын Сатабайұлы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру