ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы С.Сейтбековтің тапсырмасы бойынша аптаның әр жексенбісінде облысқа қарасты мешіттер қайырымдылық шарасын өткізіп келеді. Бұл жолғы қайырымдылық шарасын Атамекен ауылдық мешіті ұйымдастырды. Жалғызбасты аналар, мүгедек жандардың отбасылары мен үйі өртеніп, көмекке мұқтаж болып отырған жанұяға азық түлік апарып берілді. Мүжәлсіз жандар санатындағы барлығы 7 жанұяға күнделікті тұтынатын тамақтарды алып берген Атамекен ауылдық мешітінің қызметкерлері қамкөңіл жандармен сұхбаттасып, оларға қайырымдылық шарасының әлі де алдағы уақытта жалғасатындығын айтты.
Маңғыстау облыстық
орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.06.2014
3922
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру