Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды

16.06.2014 3397 0 пікір

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ҚМДБ-ның Павлодар  облысы бойынша өкіл имамы Нариман Исеновтың ұйымдастыруымен облыс әкімдігі ғимаратының баспасөз орталығында облыс көлеміндегі қазақ және орыс тілді БАҚ-ы  өкілдерін толық қамтыған баспасөз мәслихаты (брифинг) жүрілді. Баспасөз мәслихатына «Қазақстан-Павлодар», «Ирбис» телеарналары, облыстық радио, облыстық «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья», «Ертіс дидары», «Время», қалалық «Шаһар» газеті өкілдері  келіп қатысты.

БАҚ өкілдері сұрағына  облыстық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің бас имамы Нариман Ермекұлы, қалалық «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Жолдас Қоспақұлы жауап беріп отырды. Олар алдымен қасиетті Рамазан айының құндылығы, ораза ұстаудың парыз екендігі, биылғы Рамазан айының ерекшеліктеріне кеңінен тоқталды. Сонымен қатар қойылған сауалдарға қатысты биылғы Рамазан айына орай ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің Құттықтауы мен ел халқына Жолдауының маңызы, Рамазан айында облыс көлемінде ұйымдастырылатын қайырымдылық және рухани іс-шаралардың басты бағыттары туралы да кең көлемде түсініктмелер берілді. Әсіресе, орыс тілді басылымдары тілшілерінен қойылған қасиетті Рамазан айының құндылығы жайлы сұрақтарға имамдар қазақ және орыс тілдерінде  кезектесіп, өзара толықтырып аса тұщымды жауаптар бере білді.

Өкіл имам Нариман Ермекұлы баспасөз мәслихаты соңында «Қазақстан-Павлодар» телеарнасы және республикалық «Время» газетінің тілшілеріне арнайы сұхбат берді.

Баспасөз мәслихатына облыстық Діни істер басқармасының басшысы Ержан Мэлсұлы, облыс әкімінің баспасөз хатшысы Асқар Мұратұлы қатысты. 

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру