Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шынайы қайырымдылық – өзге адамдарға қайтарымсыз көмек

16.06.2014 3639 0 пікір

Асыл дініміздің  басты құндылығының бірі - қайырымдылық. Құран Кәрімде: «Шамаларың келгенше Алладан қорқыңдар. Оның айтқанына (әміріне) бойұсыныңдар, (Алла жолында) мал-мүліктеріңді жұмсаңдар. Бұл өздерің үшін қайырлы. Кімде-кім нәпсі сараңдығынан сақтанса, ол мақсатына жетуші. Егер, Аллаға жақсылап қарыз берсеңдер (садақа берсеңдер), Алла оның сауабын еселеп қайтарады. Сендерді жарылқайды. Алла береген (аз жақсылыққа, көп сауап беруші) кеңпейіл, жазалауға асықпайды. Ол құпияны да, әшкерені де білуші. Ол аса үстем хикмет иесі»,– дейді. (Тағабұн сүресі, 16-18-аяттар)

Осылайша, Алла Өз жолында мал-мүлікті жұмсау арқылы сансыз сауаптарға бөленетінімізді жеткізеді.

Қайырымдылық көрсету халқымызыдың мақтан етерлік қасиеті мен дәстүрімізге сіңіп кеткен салтымыздың бірі. Қайырымдылық жасау тек қаржылай көмек беру емес, адамды қиын сәтте демеп, рухани да жәрдем беру.

Сыр өңірінде де қайырымдылыққа жаны құмар жандар өте көп. Жамағатымызбен қатар мешіт имамдары шама-шарқы жеткенше әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына, денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыз адамдарға, жетім-жесірлерге көмек беріп келеді.

Соның бірі көп балалы анаға жасаған қайырымдылық. Гауһар апамызға мешіт тарапынан азық-түліктер беріліп жәрдем көрсетілді. Гауһар апамыздың баласы Нұрбол өз алғысын айтып, анасының ыстық сәлемімен ризашылығын жеткізді.

Алла жолында жасалған әр бір амалымызды Жаратушы Иеміз сауаптан жазып, қандай да бір мұқтаждығы бар адамдарға Алла тілеуін берсін. 

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
Баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру