Естеріңізге сала кетсек, маусымның 12-сі күні Атырау облыстық Құран Кәрімді мәнерлеп және жатқа оқудан «Құран жарысы» өз бастауын алған болатын. Жүлделі орын иегерлері анықталып, «Иманғали» орталық мешіті Жұма намазы алдында арнайы ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Марапаттау рәсіміне Атырау облыстық Дін істер басқармасының бастығы Еркінбек Шохаев және Атырау қаласы жастар ресурстық орталығының басшысы Жасұлан Бисембиев арнайы қатынасып, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, бас имам Батыржан Берденұлымен бірлесе отырып, байқау жеңімпаздарына дипломдар ұсынылды.
Жеңімпаздар төмендегі рет бойынша орналасты.
2 пара жатқа оқудан дәрежеге ілінгендер:
1-ші орын Азамат Бөкенбайұлы (50 000 теңге)
2-ші орын Артур Шынболатұлы (30 000 теңге)
3-ші орын Мұстафа Салауатұлы (20 000 теңге)
Құран Кәрімді мәнерлеп оқудан дәрежеге ілінгендер:
1-ші орын Әділбек Ерсуов (50 000 теңге)
2-ші орын Каримов Серік (30 000 теңге)
3-ші орын Ринат Қуанышұлы (20 000 теңге)
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.06.2014
3257
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру