Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің жанындағы 5 күндік семинарға қатысқан аудандық имам-молдалар кезекті білімін арттыру, біліктілігін көтеру курсынан өтті.
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Берденұлының бастамасымен ұдайы өткізіліп отырған аталмыш семинарға қатысқан дін қызметкерлеріне бүгін «Атырау-Ақпарат» баспасөз ғимаратында сертификат табысталды.
Сертификаттарды табыстау рәсіміне ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров, Атырау облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығының» директоры, филология ғылымдарының кандидаты Баязи Әбдешов, Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Еркінбек Шохаев, Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығының» басшысы Жарас Есенғалиев қатысып, семинарда білімдерін шыңдаған имам-молдаларға имамдық қызметтеріне табыс тіледі.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.06.2014
3444
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру