Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбылдағы жағымды жүздесулер

14.06.2014 3780 0 пікір

Жамбыл облысы Қордай ауданын ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы М.А.Әзілханов және ҚМДБ-ның Жамбыл облысы өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің Бас имамы Д.Ә.Жұмабаев   Қордай ауданына іс-сапармен келді. Іс-сапар барысында М.А.Әзілханов және Д.Ә.Жұмабаев негізінен дүнген ұлт ағайындар мекендейтін Масаншы ауылындағы «Әл-Қуддус», Сортөбе ауылында «Мисбахуль Ислам»,  Аухатты  ауылындағы «Нұр-Ислам» мешіттерін аралады. Мешіттерді аралау барысында «Ал-Қуддус» мешітінің жамағатымен жүздесіп, ауылдағы діни ахуал жайлы сөз қозғады.  Мешіт имамы Б.Кутуров мешіт тыныс-тіршілігімен таныстырып діни ахуалдың тұрақты екенін М.А Әзілхановқа жеткізді.  М.А. Әзілханов пен Д.Ә.Жұмабаевтың  ат басын тіреген келесі мешіт Сортөбе ауылдық «Мисбахуль Ислам» болды. Қонақтар мешіт жұмысымен танысып, жамағатымен тілдесіп және де мешіт қабырғасында өтіп жатқан жазғы сауат ашу курсының шәкірттерімен танысып, Құран оқығандарын тыңдап, дүнген ұлт шәкірттеріне мемлекеттік тілді игеру қажеттігін ескертті. Іс-сапар барысы Бұлар батыр орта мектебінде жиналыспен жалғасты. Жиналысқа осы аудан әкімі Қ.Ә Досаев, аумақ имамдары, мектеп мұғалімдері, мемлекеттік қызметкерлер, ауыл белсенділері қатысты. Жиында төрағалық еткен М.Әзілханов сөз сөйлеп, өз сөзінде ел аралық, дін аралық татулыққа шақырып, балалардың мектептен бос  кезінде мешіттер жанындағы сауат ашу курстарында оқуға болтындығын  айтып, кәсіби діни  білім алу үшін шет елге тек  ҚМДБ рұқсатымен жіберу  қажеттігін айтып, ауданда екі медресе ашу сұранысының бар екенін ескеріп, барша қолдау  көрсететінін уәде етті. Сөзін жалғастыра келе, діни ғибадаттар рәсімдерін заң бойынша тек  ҚМДБ қызметкерлері, яғни мешіт имам-молдалары ғана атқара алатындығын қатаң түрде ескертті  Жиналыс барысында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы өкілі Д.Ә. Жұмабаевқа сөз беріліп, өкіл имам имамдардың атқарып жатқан қызметтерін тілге тиек етіп, орасан зор еңбектерін бағалады.  Жиналған жамағатты келе жатқан Рамазан мерекесімен құттықтап, қасиетті айда жаңа табыстарға жетуге тілек білдірді. Жиналыс кейіннен, тек қана аудан имамдарының қатысумен жалғасты. Агенттік төрағасы М.Әзілханов  имамдардың күнделікті жұмысы жайлы өз ұсыныстарын айтып, талқыға салды. Имамдар тарапынан Тараз қаласының бас имамы А.Керімбек кейбір түйткілді мәселерді ортаға салып, көкейкесті мәселерді көтерді. Агеттік төрағасы ұсыныстар бойынша жұмыс жасау қажеттігін айтты. Жиналыс жақсы мәміледе болып тарқасты. Іс-сапар әрі де аудан орталығында өз жалғасын табады.

Дәуренбек Жандосұлы
Аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру