Бәрәат сөзі араб тілінен қазақшаға аударғанда «Тазару түні», «Оңашалану түні», «Күнәдан арылу түні» деген мағына береді. Али ибн Абу Талиб (р.а.) риуаят еткен хадисiнде Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Шағбан айының ортасының түнi болғанда (намазға) тұрыңдар. Күндiзiнде ораза ұстаңдар. Аллаһ Тағала бұл түнде: «Күнәсiнан жарылқау тiлеушi бар ма? Мен оның күнәсiн кешiрейiн. Ризық сұраушы бар ма? - Мен оның ризығын кеңейтейiн. Ауруына шипа тiлеушi бар ма? Дертiне шипа берейiн. Сұраушы бар ма? Сұрағанын беремiн». Осылайша Аллаһ Тағала таң атқанша сұраушының тiлегiн қабыл етедi», – деген.
Қасиетті түнге Ақжайықтың үлкен-кішісі қалмай, қала мешіттеріне ағылып келіп жатты. Облыстық орталық мешітінде жамағатқа ақ дастархан жайып, ауыз ашар берілді. Орталық мешітке жиналған қауымға мешіттің найб имамы Ринад Нұрланұлы Бәраәт түнінің қадір қасиеті жайында айтып, қатысып отырған жұртшылыққа кеңінен түсіндірді. Ақ дастархан басында орталық мешітінің азаншысы Ерлан Кенжин құран оқып, найб имам Самат Әлібаев дұға жасады. Келген жамағат сап түзеп нәпіл намазын оқып, дұға жасады.
Алла разылығы үшін жасаған барша жамағаттың дұғасын қабыл етіп, еліміз аман, жастарымыз иманды болғай. Әмин!
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.06.2014
5039
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру