Шағбан айының он бесінші түні бұл – Бәрәат түні. Бұл түні адамның бір жылдық ризық, бай немесе кедей, жоғары немесе төмен болатынынан, ғұмырларының ұзаруы немесе ажалының келуі жайлы хабарларды Алланың әмірімен періштелердің дайындайтындығы кейбір деректерде айтылған.
Бұл түн – кешірім түні деп те аталады. Өйткені осы түнде Алла көп адамның күнәсі кешірілмек.
Бәрәат түнінің ерекшелігінің бірі – сол күні құбыланың Қудус мешітінен, Қағбаға қарай өзгеруі болды. Бұл түні «жақсылық намазы» оқылады. Ендеше, осы түнді құлшылықпен өткізу дұғалардың қабыл болуына себеп болады.
Осы қасиетті түнде Сыр жамағаты да қапы да қалмай, қала мешіттеріне ағылып келіп жатты. Қаладағы «Нұр» мешіті жамағатқа ақ дастархан жайып, ауыз ашар жасады. Ал орталық мешітке жиналған жамағатқа «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы Абжанов Нұрлан Бәрәат түнінің қадір қасиеті мен артықшылықтары туралы керемет уағыз жүргізіп, сұхбат құрды. Уағыздан соң Абдулхалиқ қари Құран оқып, жамағат сап түзеп Тасбих намазын оқыды.
Алла осы түні жасаған барша мұсылмандардың құлшылық дұғасын қабыл етіп, еліміз аман халқымыз иманды болғай. Әмин!
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.06.2014
3590
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру