Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шәкірттерге жолдама берілді

13.06.2014 3142 0 пікір

Кез-келген ел өз келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Сол ұрпақ ұлағатты, иманды және ілімді болса, онда сол елдің болашағы жарқын деген сөз. Алайда, ілімі бола тұрып жүрегінде иманы, елге деген махаббаты  болмаған бала, ол елін сатудан да тайынбайды. Ол үшін ең алдымен балаға өскен ұясынан бастап қазақы тәрбиемен тәрбиелеп, бойына иман мен дәстүрді сіңдіріп өсіру керек.

Міне, бүгінде сол балаларға Ислам дінінің заңдылықтарын үйретіп, Алланың ақ жолына шақыру үшін оқып, білім ізденіп жүрген жастарымыз Сыр өңірінде өте көп. Қызылорда облысы бойынша 2013-2014 оқу жылдарында медреселер мен Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде білім алған 100 ден аса жастарымыз баршылық. Бүгінде сол жастарымыз жазғы демалыстарына шығып ат басын туған өлкелері Сыр өңіріне бұрды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Бас имамы Талғат Омаров шәкірттердің басын қосып орталық мешітте жиналыс жасады. Бас имам жастарға өзінің ақылын айтып, Алла ризалығы үшін өңірімізде асыл дініміздің қанаттанып кеңге жайылуына аянбай қызмет етуге шақырды. Тәжірибе алу үшін шәкірттерге қала және аудан, ауыл мешіттеріне бөліп, жолдама берді.

Хазреті Әли (р.а.): «Ілім мал-мүліктен қайырлы, өйткені мал-мүлікті сен қорғайсың, ал ілім сені қорғайды. Мал-мүлік жұмсаумен азаяды, ал ілім жұмсау арқылы көбейеді»,- деген. Шәкірттеріміз алған білімдерін халық игілігіне жұмсау арқылы, Алла хайырлы білімдерін көбейткей. Әмин!

  

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі 
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
Баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру