Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сауат ашу курсының шәкірттері 300-ден астам бала қамтылды

13.06.2014 3174 0 пікір

Маңғыстау облысындағы 5 мешітте  жазғы сауат ашу курстары маусымның 1-нен бастап өз жұмысын бастап кетті.  Балалардың жазғы демалысын бос өткізбеу қамына мешіт әкімшіліктері ерте бастан дайындық  жасады. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының   бастамасын қолдау аясында ашылған бір айлық курста қазір жастары 6 мен 15 жас аралығындағы  300 ден астам бала мешіт имамдарынан дәріс алуда.

Атап айтсақ, облыс орталығындағы мешітте 45 ұл, 45 қыз бала, қалалық  Бекет ата мешітінде 20 бала, Атамекен ауылдық мешітінде 100 ұл, 50 қыз бала, Жаңаөзен қалалық мешітінде 20 бала бар. Ал Маңғыстау ауылдық мешітінде облыстағы ауыл аудандардан  келген 40 бала жатып оқуда.  Жазғы сауат ашу курстарындағы  балалардың барлығы жас мөлшерлеріне қарай топқа бөлініп,  оларға күнделікті Құран әліппесі, Намаз үйрену, Сира, Ахлақ, Дұғалар тақарыптарында сабақтар жүргізілуде.  Арнайы бекітілген ұстаздар балаларды жалықтырып алмау мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырады.  Облыстық мешіттегі балалар теңізге барып суға түсіп, бойларын сергітсе, Маңғыстау ауылдық мешітінің балалары спорттық жарыстарға қатысуда.  Жаңаөзен мешітіндегі балалар сенбі сайын футбол, асық ойындарын ойнаса,  Атамекен ауылдық мешітінің балалары Маңғыстаудың көркем жерлеріне экскурцияға шығуды жоспарлап отыр.

Сауат ашу курстарында балаларға түскі ас беріледі, сондай-ақ, жеміс жидек, сусындармен қамтамасыз етілген. 

Маңғыстау облыстық
орталық мешітінің
баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру