Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтау портында өткен іс-шара

13.06.2014 3027 0 пікір

Маңғыстау облысының Дін істер басқармасының ұйымдастыруыменен  «Ақтау халықаралық теңіз сауда портында» дін өкілдерінің басын қосқан жиын өтті.

Ақтау портының 150-ге жуық қызметкерлері қатысқан жиында ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы С. Сейтбеков Исламға қатысты діни теріс ағымдардың зияны жөнінде және  олардан сақтану жолдары туралы әңгімеледі. Дін істер Басқармасының бас маманы Ғ. Мүсірепов экстермизмге қарсы Заңдар жайында толықтай мағлұмат беріп, жат ағымның жетегіне еріп кетпеуге шақырды. Сондай-ақ, арнайы дайындалған «Адасқандар» бейнеролигі көрсетіліп, порт қызметкерлерінің көкейінде жүрген сұрақтарына  жауап берілді.

Маңғыстау облыстық
орталық мешітінің
баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру