Маусымның 12-ші жұлдызында «Иманғали» орталық мешіті және Атырау қаласы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Атырау облыстық Құран Кәрімді мәнерлеп және жатқа оқудан «Құран жарысы» өтті. Жарысқа қала және облыс аумағындағы 12-24 жас аралығындағы ниет білдірген 25 азамат іріктеліп, сайысқа түсті. Жарыстың әділқазылары: ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы, белгілі дінтанушы, теолог мамандар Ерсін Әміре мен Ерғали Алпысбаев және «Иманғали» орталық мешітінің азаншысы Жасұлан Қағазғалиев қатысушыларға өз бағаларын берді.
Өкіл имам өз сөзінде: «Бұл жарыстың мақсаты: еліміздегі Құран жаттаушыларды ынталандырып, оларға қолдау көрсету. Сол сияқты Құран жаттаған қарилардың басын біріктіріп, топтастыру» - деп, барлық қатысушыларға өз алғысын жеткізді.
Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің», – деп өсиет қалдырса, Ибн Масғуд (р.а.): «Құран жаттаған адам қуаныштың артынан қайғының, қаттылықтың артынан жұмсақтықтың, мазасыздықтың артынан тыныштықтың, қатыгездіктің артынан мейірімділіктің барын білсін», – деген екен.
Жүлделі орын иегерлері мешіт атынан арнайы сыйлықтармен марапатталады.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.06.2014
3407
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру