Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сыр өңірінде жазғы діни сауат ашу курсы басталды

12.06.2014 3614 0 пікір

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен, мешіт жанынан жазғы демалыста жүрген балалар мен қыздарға 11-ші маусымнан бастап, діни сауат ашу курсы басталды.

Алғашқы топқа 50 ер бала, 20 қыз бала қабылданса, келесі топқа да алдын-ала жазылып, ниет білдірушілердің тілектерімен балаларды екі кезеңге бөліп оқу қарастырылып, келесі топ шілде айының басында қабылданатын болды.

Шәкірттер Құран әліппесі, Ислам әдебі, ғибадат, пайғамбарлар тарихынан сабақтар жүргізіліп, арасында интелектуалды ойындар мен еңбекке баулу, футбол сияқты сергітер ойындарда күнделікті жоспарға енген. Шәкірттерге бір мезгіл түскі ас пен түстен кейінгі асы балмұздақпен бірге берілді.

Қабылданған шәкірттерді Бас имам Талғат Омаров жазғы діни сауат ашу курсының алғашқы күнімен құттықтап, балаларды иманды болуға, білімді жақсылап алып ел мақтайтын азаматтар мен азаматшалар болуға шақырды.

Тәлім алып жатқан балалардың жүздерінен шат күлкі, қуаныштың лебі есіп, лезде бір-бірлерімен тез тілтабысып, жатсынбады. Жүзінен қуныш көрінген балалардың бірі 9 жастағы Оралбаева Нұрсила өзінің қуанышымен бөлісті.

Нұрсила: «Маған мешіт өте қатты ұнайды. «Мен анам сабақ біте сала мешітке қашан барамын», – деп күнде айтатынмын. Мектептен өте жақсы оқығаным үшін грамота алып үйге қайтар жолда анашыма қоңырау шалдым. Анашым мен мешітке қашан барамын дегенімде, 11 не барасын, дайындал деді. Мен өте қатты қуандым.»

Балаларын мешітке жетектей келген ата-аналарда рахметтерін айтып, ризашылдықтарын білдірді.

Ахметова Мөлдір (ата-ана): «Совет үкіметінің кезінде біз мешіт не екенін білмей өстік. Қазір шүкір тәуелсіз ел болғалы мешітттеріміз көбейіп, халық үшін игі жақсы жұмыстар атқарып келеді. Соның бір айғағы балаларымызға арнап ашқан жазғы сауат ашу курсы. Менде қызымды арнайылап әкеліп отырмын. Бір жағынан уақыты тиімді өтсе, екіншіден

Йә, балалардың мешітке келуі бұл иманды ұрпақтарымыздың көбейіп кележатқанының бірден бір дәлелелі. Ендеше, Алла иманды ұрпақтарымыздың санын арттырып, елімі аман хақымыз тыныш болғай.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
Баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру