Елорданың айшықты құлшылық үйі «Әзірет Сұлтан» мешітінде республикалық «Зекет» қорының қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылатып, кәсіби деңгейін дамытуға бағытталған семинар жемісті жұмыстар атқарып, бүгін өз мәресіне жетіп, семинарға қатысушылар арнаулы марапаттарға ие болды.
ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен өткізілген семинарда «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Мақсатбек Қайырғалиев, Ислам орталығының директоры Бағзат Ақжолов және «әл-Ғани» мешітінің бас имамы Нұрлан Бақбасаров арнайы тақырыптарда дәрістер өткізді. Жалпы 11 сағаттық дәрістер қамтылған семинарға аймақтардан 11 тыңдаушы қатысты.
Үш күнге жалғасқан семинар бүгін қорытындыланып, аймақтардағы Зекет қызметкерлерінің еңбектері екшеліп, еленіп, оларға арнаулы сертификаттар табыстаған ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Наурызбай Өтпенов ҚМДБ төрағасы бас мүфти Ержан Малғажыұлының ыстық сәлемін жеткізіп, асыл дініміздің көркеюіне атсалысып жатқан дін қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Жайық НАҒЫМАШ
ummet.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.06.2014
3312
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру