Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері малайзиялық әріптестерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Bnews.kz тілішісі.
Малайзиялық «Marditech» компаниясы мен Оңтүстік Қазақстан облысында азық-түлік өндірісімен айналысатын кәсіпорындар – «Қайып ата» ЖШС, «Шымкент құс» ЖШС ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Мақсат – облыс аумағында халал азық-түлік өнімін өндіру бойынша хаб құру.
Облыстық Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы баспасөз қызметінің жетекшісі Баян Каюпованың хабарлауынша, аймақта халал өнімді өндіру идеясын Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі тастаған. Малазиялық кәсіпкерлер бұл ұсынысты қолдап, қуаттаған.
«Жақын күндері малазиялық сарапшылар «Қайып ата» ЖШС, «Шымкент құс» ЖШС-нен басқа азық-түлік өнімдерін шығаратын кәсіпорындарға барып, халал өндірісі дамуының әлеуетін зерттеу бойынша жұмыстарын бастайды. Сонымен қатар, жоспарланған В2В форматындағы кездесулерде «Қайып ата» ЖШС, «Шымкент құс» ЖШС және «Marditech» компаниялары арасында біріккен кәсіпорындар ашу туралы сұрақтар талқыланатын болады», − дейді баспасөз қызметінің өкілі.
Дилара РЫСДӘУЛЕТ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.06.2014
3348
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру