«Тәрбие басы–тал бесік» демекші, келер ұрпақтың тәрбиесіне бүлдіршін күнінен көңіл бөлінуі қажет. Баланың көңілі далада, сол себепті жазғы сауат ашу курсы ойын ойнатып, қызықтыра отырып, тәрбие мен білімнен сусындататын орынның нағыз өзі. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің бастамасымен еліміздің барлық мешіттерінде оқушыларға арналған жазғы сауат ашу курстары ашылып, жемісті еңбек етіп келе жатыр.
Осы орайда, ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкілі Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен Қарағанды облыстық орталық мешіті және бес қала жеті аудан бойынша оқушылардың жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады. Маусым айында өтетін сауат ашу курсына 5-15 жас шамасындағы ұл мен қыз балалар қабылданды. Қабылдаған сәттен ұл балалар тобының жетекшілері мен қыз балалар тобының жетекшілері балалармен танысып, жұмысқа кірісіп кетті.
Күнделікті атқарылатын іс-шараларды оңтайлы ұйымдастырып, балалардың талғампаздығын, жалықтырып алмау жағын, есте қалар шаралардың тәлімділігін ескеруді пысықтаған ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкілі Бекқожа Өмірзақ Қазкенұлы шәкірттермен сұхбат жүргізді. «Ел болам десең, бесігіңді түзе», — деп Абай атамыз айтқандай жеткіншектерге діни білім алудың мақсаты имандылыққа, ата-анаға деген мейірімді болу, үлкенге құрмет көрсету турасында насихат айтты. Жазғы демалысты балаларға уақыттарын тиімді, қызықты, мәнді де, мағыналы етіп өткізу үшін, Құран әліппесі, Құран оқып үйрену, Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірі жайлы түсінік беру тағы да басқа дәрістер тыңдап, араб тілінен сабақ жүргзіліп, спорттық шаралар ұйымдастырылатын болады.
Сауат ашу курсы осы маусыммен шектеліп қана қоймай, алдағы уақытта бірнеше мәрте өткізілмекші.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.06.2014
3338
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру