Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Назар аударыңыз, тікелей желі!

11.06.2014 3302 0 пікір

Павлодар облысы орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті мен облыстық «Сарыарқа самалы» газеті редакциясының ұйымдастыруымен келе жатқан қасиетті  Рамазан айының құрметіне орай «Назар аударыңыз, Тікелей желі!» тақырыбында маусым айының 10-ы күні сағат 11.00-12.30 аралығында «Тікелей желі» шарасын өткізілді. Шара газеттер және әлеуметтік байланыс желілері арқылы облыс халқына алдын-ала бір апта бойы хабарландырылған болатын.

 ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Исенов  Нариман, «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің наиб имамы Манапбаев Нұржан, ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігінің баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбайұлы  аталмыш «Тікелей желінің» қонағы  болды. Олар ораза тұтудың жөн-жосығы, сондай-ақ дінтану бойынша облыстық газеттің оқырмандарынан алдын-ала келіп түскен және аталмыш шара барысында тікелей желі арқылы қойлған 30-дан астам сұрақтарға  кең көлемде жауаптар берді. Сонымен қатар  тікелей желіге қатысқан «Сарыарқа самалы» газеті редакторының орынбасары Нұрлан Жайықбаев, газеттің редактор – тілшілері Фархад Әміренов, Тілеуберді Сахаба, Оралбек Қожановтар да өз тараптарыныан қасиетті Рамазан айы және Ислам дінінің бүгінгі ахуалына қатысты көптеген сұрақтар  қойып жауап алды.

Тікелей желі арқылы жүрілген барлық сауалдар мен жауаптар,  Рамазан айының Павлодар өңіріндегі кестесі және ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің ел халқын құттықтауы мен ел халқына үндеуі  «Сарыарқа самалы» газетінің маусым айының 12 жұлдызы күнгі кезекті санында жарық көреді. Сондай-ақ,  Рамазан айы бойы «Сарыарқа самалы» газетіне «Имандылық» беті апта сайын жарық көріп тұратын болып келісілді.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру