Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Төлеби ауданында өткен іс-шаралар

11.06.2014 3981 0 пікір

Жат ағымның жолын кес

Бүгінде адамдар арасында жат ағымға байланысты түрлі алып қашты әңгімелер толастамай тұр. Біреулер жай атын білгенмен түпкі мақсатын білмейді. Ал, енді біреулер олардың ара-жігін ажыра алмай, сең соққан балықтың күйін кешуде. Бұл қоғамдағы үлкен мәселелердің бірі. Осы мәселенің алдын алу, халықты ақпараттандыру мақсатында ел арасында түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді.

Төлеби ауданы бойынша осы түйіткілді мәселенің түйінін шешуге байланысты «Қайта қылмысты болдырмау және экстремизм мен терроризмді алдын алу» тақырыбының аясында Ленгір қалалық емханасында, Маятас ауылы, Маятас жалпы орта мектебінде де «Қоғам керағар ағымдарға қарсы», – деген тақырыптарда аудан имамы Б. Қалдаров, наиб имам Ү.Саурбаев, ауыл имамы А.Ыхласов, халықты жат ағымдардың белгілері, олардың түпкі мақсаты жайлы кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Елімізге танымал дінтанушы Абдулла қажы Жолдас «Мәзһаб ұстанудың артықшылығы», – деген тақырыпта аудандық «Нұр» мешітінде уағыз-насихат жүргізіп, мешіт жамағатының сауатын көтерді. Міне, осындай іс-шаралардың жиі ұйымдастырылуы дәстүрлі емес діни ағымдардың жолын кесуге үлкен мүмкіндік болып табылады. 

Жақсылықта жарысайық

Ислам діні – адамдарды Алламен ғана байланыстырып қоймай, қоғамдық мәселелерді шешу, оларды бір-бірлеріне қарайласуға да үндейді.

Адамдардың арасын нығайтатын міндеттердің бірі қайырымдылық екендігі айқын. Осы бір игі шараны жүзеге асыру мақсатында Төлеби аудандық мешіті «Жомарттықтың абзалдығы» деген тақырып бойынша Ленгір қаласы, № 2 орта мектебіне қайырымдылық көрсетті. Дәл осындай шара «Жақсылықта жарысайық» деген тақырыппен Төлеби ауданы, Ленгір қаласы,

«Қосалқы тілі нашар кеміс балалар үшін мектеп-интернатында» да жалғасын тапты.

Сонымен қатар, «Мұқтаждарға көмектесейік» деген үндеумен Төлеби аудандық «Нұр» мешітінің жамағатының ықпалымен жалғыз басты 4 отбасыға ақшалай көмек берілді. Осындай іс-шаралар қоғамдық қарым-қатынасты нығайтып, адамдардың бір-бірлеріне деген сүйіспеншілік, мейірімін оятады.

 

ОҚО,Төлеби аудандық
«Нұр» мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру