Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодардағы жазғы сауат ашу курсы

10.06.2014 4006 0 пікір

Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітіндегі балалардың жазғы демалысына орай ұйымдастырылатын дәстүрлі  жазғы  сауат ашу курсының жұмысын маусым айының 9-күнінен бастап діни сауат ашу, ойын-сауық-тәрбие, рухани шаралар қамтылған арнайы бағдарлама бойынша өз жұмысын бастады. Алғашқы 2 күндегі мәлімет бойынша 6 – 16 жас аралығындағы  60-тан астам ұл бала, 40-тан астам  қыз бала, барлығы 100-ден астам бала тіркеліп тұрақты қатыса бастады. Оқушылардың жазғы демалыс мезгілін пайдаланып жүргізілетін діни сауат ашу лагерінің ұл балалар тобына  «Нұр Мүбәрак» университетінің түлегі Әлменов Ерлан ұстаз дәріс берсе олардың  оқу-ойын-сауық-тәрбие жұмысымен «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінен бір айлық іс-дағдыға шыққан  шәкірттері Бейсенбаев Мәди, Сәрсенбаев Самат, Асқаров Амангелді, Ақбас Нұрислам, Мұқаметжанов Тілектер кезектесіп айналысады. Ал қыз балалар тобына Қарлығаш Қажымәлікқызы, Ақерке Тұрғанбай, Жұлдыз Кажуев сынды тәжирибелі ұстаздар дәріс беруде.

«Бағдарлама бойынша Құран әліппесі (ойынмен жүргізу), иман негіздері, Ғибадат - құлшылық, Ислам әдебі (хадис, дұға), мешіт әдебі, мұсылманның көркем мінезі т.с.с тәрбиелік сабақтармен қоса, ҚМДБ-ның сараптамасынан өткен имандылық тақырыбындағы бейнефильмдер де көрсетілетін болады. Шәкірттеріміз 6–16 жас аралығындағы ұл-қыздар. Олардың әрқайсысын  2-3 топқа бөліп оқытамыз. Олардың арасында қасиетті Рамазан айында толық ораза ұстауға ниеттеніп, рухани және психологиялық тұрғыда өздерін дайындап, ұстаздарынан ақыл-кеңес алып жүрген шәкірттер де баршылық. Әлбетте оқу барысында шәкірттерге екі мезгіл жеңіл тамақтандыру да (жеміс-жидектер шырыны, айран, пиражки, тәтті тоқаштар, кәмпит, алма, өрік т.б.) қарастырылған. Алла қаласа қасиетті Рамазан айы басталар қарсаңда шәкірттерімізге үлкен көңіл-күй сыйлайтын арнайы мәдени бағдарлама бойынша олардың мешітке, имандылыққа деген ниеттін арттыратын шара ұйымдастырып, жазғы лагердің жұмысын қорытындылайтын боламыз», – дейді ұстаз Ерлан Әлменов.

Сонымен қатар, облыс көлеміндегі барлық қала, аудан мешіттері де оқушылардың жазғы лагері жұмысын арнайы ұйымдастыра бастағаны туралы мәліметтер келтіруде. Мәселен, қазіргі ақпар бойынша Екібастұз және Баянауыл ауданы мешіттерінде 50-ден астам оқушылар жазғы діни сауат ашу лагеріне қамтылған.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру