«Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы» КММ-сінің (бұдан әрі-АТО) 2014 жылға бекітілген жоспарына сәйкес үстіміздегі жылдың маусым айының 2-сі мен 4-і аралығында «Ақтөбе медресесінде» қала және аудан имамдарының біліктілігін арттыру курсын өткізді.
Курстың мақсаты: Өңірдегі имамдардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау және заманға сай іскерлік басқарушылық қабілеттілігін жетілдіру.
Үш күндік курста 12 тақырып бойынша дәріскерлер дәрістерін оқыды.
Бұл курстың ерекшелігі сол, діни тақырыптармен қоса имамдардың құқықтық, психологиялық, технологиялық және іскерлік тақырыптарынан да дәріс берілді. Дәріс берушілер академиктер А.Айталы мен А.Тайжанов, ғылым кандидаттары Ү.Сәрсенбин және А.Дүйсенбаев, облыстық прокуратураның аға прокуроры С.Айтен және облыстық өкіл имам Ә.Дәуренбеков болды. Сонымен қатар, имамдарға көмекші құрал ретінде имамдардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау семинар дәрістерінің материалдары жинақша ретінде дайындалып, сонымен қоса видео материалдар, екі діни мазмұндағы кітап («Иман, Ислам, Құран және Васатыя – путь жизни) және кеңселік бұйымдар таратылды.
Курстың соңғы күні имамдарға арнайы «Аңсар» АТО атынан сертификат берілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.06.2014
3416
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру