Естеріңізде болса ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті ай сайын қала және аудан имамдарына, ұстаздарына біліктіліктерін жетілдіру семинарларын жасап жаңалық ретінде өздеріңізбен бөлісіп келеді.
Бүгінде сол семинарлардың жалғасы ретінде қала имамдарына және аудандық мешіттердің бас имамдарына бір апталық семинар басталды.
Семинар барысында имамдарға Құран, Ақида, Фиқһ сабақтары, «Имам Ағзам Әбу Ханифа» мәзһабын кеңінен насихаттап, асыл дініміздің беделі туралы дәрістер оқылатын болды.
Имамдардың біліктілігі мен білімі жетіле түссе, жамағатымыздың саны артып, елмізге жат пиғылды ағымдардың жетегінде жүргендер саны төмендеуіне өз септігін тигізері сөзсіз. Имамдарға дәстүрлі дінімізді, шариғатты ұстанып, соған орай амал етіп, ел бірлігі мен ынтымағын, достығы мен ұйымшылдығын сақтап, оны одан әрі күшейе түсуіне бір адамдай атсалысу қажеттігі де айтылды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі,
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.06.2014
3334
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру