Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тас мешіттегі зағип жандардың дәрісі

10.06.2014 3297 0 пікір

Осыдан біраз уақыт бұрын Малайзия мемлекетінен жіберілген зағип жандарға арналған Брайль қарпімен жазылған Құрандар көру мүмкіндігінен шектелген жандарға сыйға тартылғандығы турасында мақала жарияланған болатын. Осыған орай, сәрсенбінің сәтімен Семей шаһарында Бір мұнаралы Тас мешітінде Брайл жүйесімен алғаш рет Құран оқу сабақтары басталды.

Бұл дәрістерді бастаған Малайзия мемлекетінде діни тәлімін жалғастырып жатқан Семейлік Асқар Барлыбайұлы болды. Ол осы мүмкіндікті Аллаһ Тағала тарапынан нәсіп еткеніне Аллаға шексіз разы екенін айта отыра, Малайзия Брайл Ассоциасында арнайы Брайл жүйесімен басылып шыққан Құран әліппесін дәріске келуші жандарға табыстап, осы әліппенің шығуына септігін тигізген адамдарға, арнайы анасына, Малайзия Брайл Ассоциасына және діни қызметтегі ағаларына алғысын айтты.

Осы іс шараны Семей өнірінің өкіл имамы Мақсат Қуанышбекұлының ұйытқы болуымен Бір мұнаралы Тас мешітінің имамы Нұрбек Нәдірұлы мен Асқар Барлыбайұлы ұйымдастырды. Нұрбек Нәдірұлы өз сөзінде: Бабаларымыз «көзі соқырдан көкірегі соқыр жаман» деп бекер айтпаған, көздері көре тұра Құранды оқымағандар үшін бұл үлкен ғибрат алатын іс. Осы алған білімдеріңді толықтырып, өздерің сияқты зағип жандарға да осы Құранды үйренуді Алла нәсіп етсін!- деді. Құранның нәріне шөліркеген зағип жандар қуаныштарын білдіріп, игі іс шараларға септігі тиген адамдарға жүрекжарды тілектерін білдіріп жатты.

Семей орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру