Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ жұмысының қорытындысы

10.06.2014 3458 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобының жылдық жоспарына сәйкес РАНТ мүшесі, Атырау облысы «Иманғали» мешітінің найб имамы Ерсін Әміре мен дінтанушы  Рүстем Мәлікұлы ағымдағы жылдың маусым айының 2-6 аралығында БҚО, Орал қаласында  іс-сапармен болды.

РАНТ мүшелері Ақжайық өңіріндегі жұмысы барысында елді-аймақтарға, түрлі мекемелерге барып, асыл дініміздің құндылықтарын, салт-дәстүрлерімізбен біте қайнасып жатқанын, әрі қоғамда белең алған жат ағымдардың зияндылығы мен сыртқы сипаттары жайында ақпараттандырды. Атап айтқанда, 15 нысанда болған кездесуде РАНТ мүшелері 1091 адамды ақпаратпен қамтыған. Дәлірек айтсақ: 1 түзету мекемелеріндегі 48 жазасын өтеушілермен, 287 мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен, облыстық қазақ драма театырында Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға 417 адам қатысты, облыс бойынша мешітте жиналған 339 жамағатымен  кездесіп, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.

Атырау облысы «Иманғали» мешітінің найб имамы Ерсін Әміре мен дінтанушы  Рүстем Мәлікұлы РАНТ жұмысының қорытындысы ретінде «Қазақстан-Орал» мен ТДК-42 облыстық телерадиокомпаниясының  «Ел алдында», «Шындықпен бетпе бет» бағдарламасына және «Қазақстан-Орал» радиосына «Дін мен дәстүр» тақырыпта сұхбат берді.

 

Нұрлан ҚАБЫКЕШ, 
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру