ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен маусым айының 9-шы жұлдызында «Орал» медресесінде жазғы демалысты тиімді пайдалану, жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу мақсатында мектеп оқушыларына арналған жазғы сауат ашу курсы басталды.
Балалардың рухани білімін арттыруға ҚМДБ-ның БҚО облысы бойынша өкілі Руслан қажы Тыныштықұлы ашып, сауат ашуға келген жас ұрпаққа ақ тілегін айтып, екі дүниенің бақытына бөленіп, пайдалы білім алуға шақырды.
Сонымен қатар, «Иман негіздері», «Араб тілі», «Құран-кәрім», «Әдеп» сабақтары өтіледі. 80-нен астам шәкірттер білім нәрімен сусындап, оларға Ержан Есім, Асылбек Наурызов, Ержан Жұмағожа сынды ұстаздар дәріс берді.
Үш мезгіл ас-суы, жататын орны тегін. Сондай-ақ, аталмыш сауат ашу курстары облысқа қарасты аудан-ауыл мешіттерінде де өз жалғасын табуда.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің мүбәрак сөзінде: «Сендердің ең жақсыларың Құран (оқу мен ілімін) үйреніп, оны басқаларға да үйреткендерің», – деген. Алла Тағала әрбір жанға иманды, білімді ұрпақты өсіруге нәсіп етсін.
Нұрлан Саматұлы,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.06.2014
3652
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру