Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қасиетті Рамазанға қарқынды дайындық жасалуда

10.06.2014 3010 0 пікір

Жезқазған аймағы бойынша өкіл имамы Қабылбек Әліпбайұлы маусым айының 9 жұлдызы күні «Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы орталық мешітте өңірге қарасты барлық имамдардың Рамазан айына байланысты кезекті жиналысын өткізді.

Күн тәртібінде екінші тоқсандағы жарты жылдық жұмыстары қорытындыланып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырған міндеттемелері бойынша, Рамазан айына қатысты бірқатар жүктемелер берді. Алдағы келе жатқан қасиетті Рамазан айында атқарылуы тиіс шаралардың әрбірі жеке-жеке пысықталып, жазғы сауат ашу курсын жақсылап өткізу тапсырылды. Сонымен қатар, талапкер шәкірттерді ҚМДБ-на қарасты діни оқу орындарына дайындау жайлы қорытындыланды.

Айтылған мәселелерді жауапкершілікпен, жоғары деңгейде атқаруға Алла қуат берсін деген бата беріп, тарқасты. 

 

 

ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы
 
бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру