Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешіт қызметкерлерінің Рамазан айына дайындығы

09.06.2014 3613 0 пікір

Әлемдегі күллі мұсылмандар үшін қасиетті ай бұл – Рамазан. Он екі айдың ішінде орны ерек. Оның қасиеттілігі Құранда және хадистерде келуімен байланысты. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.) хадистерінің бірінде «Алла тағала күндерден жұманы, түндерден қадір түнін, ал айлардан Рамазан айын қадірлі етті» деген. Ал Қадір түнінің де Рамазан айында екенін ескерсек, бұл айдың қадір-қасиеті айқындала түседі.

Міне бүгінде осы қасиетті айға дайындық өңірімізде басталып та кетті. Сыр елінде Рамазан айының жоғарғы деңгейде өтуі үшін, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің қызметкерлеріне өкіл имам қасиетті Рамазан айына дайындық турасында мәжіліс жасады. Талқылайтын мәселелердің көптігіне орай жиналыс 2 сағатқа созылды.

Жиналыста Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Рамазан айына шығарылған бұйрығы талқыланып, көптеген мәселелер қаралып жоспарлар да дайындалды. Мәселен жылдығы ұранмен 30 күнде 30 рет ауыз ашар, 30 күнде 30 жерге уағыз насихат, мақала бәйгесі, Республикалық деңгейде айтыс ұйымдастыру, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының үндеуін бұқара халыққа жеткізіп, банерлер ілу, мешіттерді жарықтандыру, пресс-конференция ұйымдастыру тағыда басқа көптеген мәселелер талқыланып әр сала бойынша жауапты имамдар мен  мешіт қызметкерлеріне тапсырмалар қатаң түрде жүктелді. 

 

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
Баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру