ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің бастамасымен еліміздегі діни ахуалды оңалту мақсатында ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы, Атырау облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығының» директоры, филология ғылымдарының кандидаты Баязи Мәдешұлы Әбдешов, Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Еркінбек Керімбекұлы Шохаев, Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығының» басшысы Жарас Мағазұлы Есенғалиевтың бірлесе ұйымдастыруымен имамдардың білімін жетілдіру семинары басталды. Аталмыш семинар 5 күнге созылып, оған ҚМДБ-ның Атырау өңіріндегі қала мен аудан имамдары, наиб имамдар және ұстаздар қатысатын болады.
Семинарда ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы, шейх Мұхаммед Жамалуддин Хашим және Ерсін Әміре, Ерғали Алпысбаев, Қанат Жұмағұлов сынды теолог мамандар дәріс оқиды. Сонымен қатар, семинарға қатысушылар уағыз тақырыптары бойынша өз білімдерін толықтыра отырып, бір-бірлерімен тәжірибе алмасып, төл дінімізді насихаттау жолында ой-пікірлерін ортаға салады.
«Иманғали» орталық мештінің
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.06.2014
3519
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру