Маңғыстау облысының өкіл имамы маусым айының 5-7 күндері шалғайдағы Бейнеу ауданында болды. 5 маусым күні Бейнеу ауданына қарасты Боранқұл ауылындағы намазханада шам мен құптан арасында ауыл әкімі, ақсақалдары, жамағаттары мен кездесіп, дініміз жайында тұшымды уағыз айтты.
6 маусым күні Бейнеу аудандық мешітте жұма уағызын айтып, кешке шам мен құптан арасында уағызын жалғастарды. Аллаға шүкір уағыз тыңдауға келген жамағат көп болды. Жамағат көкейлеріндегі сұрақтарын қойып жатты.
7 маусым күні Бейнеу ауданына қарасты Ақжігіт ауыл тұрғындарымен кездесіп, ислам мен иман жайында уағыз айтты.
Асыл дінімізді насихаттау үшін елді аралап, тұрғындармен кездесіп, уағыз айту өкіл имамның алдыға қойған мақсатының бірі.
Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.06.2014
3570
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру