Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Балалар - саяхат жасады

09.06.2014 3804 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасы орай ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық жетім балалар үйінің тәрбиеленуші балаларына 1-Маусым халқаралық балаларды қорғау күніне  орай, сәбилерге мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін, түрлі мерекелік шаралар өткізу берілген еді.

Дінбасымыздың тапсырмасына сай ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігі  облыстық жетім балалар үйіне барып, арнайы көлік жалдап, жиырмаға жуық сәбилерді қаламыздағы облыстық, екі қалалық мешіті мен ҚМДБ-на қарасты «Орал» медресесіне, облыстық өлкетану мұражайына саясат жасады.

Орал қалалық мешітінің бас имамы Әлімхан Тұрлыбеков сәбилерді жылы жүзбен қарсы алып, мешіттің ғасырға жуық тарихымен таныстырып, асыл дініміз жайында мағлұмат берді. Жақында өткен облыстық «Құран» жарысының бас бәйгесін жеңіп алған, БҚО, Жаңақала ауданынан арнайы келген 8 сыныптың оқушысы Әлімбек Мұратбекұлы қасиетті Құран Кәрімді оқып, қалалық мешіттің бас имамы Әлімхан Тұрлыбеков дұға жасады.

ҚМДБ-на қарасты «Орал» медресесінің алдында діни кітаптардың көрмесі ұйымдастырылып, діни кітаптар турасында медресесінің ұстазы Асылбек  Наурызов таныстырып өтті.  Балалар медресе ішін аралап, медресе тарихына ұстаз Бердімұрат Қасымов қысқаша тоқталды.

Бүлдіршіндердің алғашқы келген қадамдарына ақ ұсынылып, бауырсақ, тәттілер үлестірілді. 

Қалалық «Түлбаев Мұхаммед-Гариф» мешіті мен облыстық орталық мешіттеріне саясат жасады.

Орталық мешіттің бас имамы Руслан Сұлтанов арнайы келген сәбилерді жылы шыраймен қабылдап, «Оқу-білім, ұстаз» жайында уағыз айтып, барша бүлдіршіндерге жақсы ілім алып, ертеңгі күні адал азамат болып өсуіңе тілек білдіріп, имандылыққа, білімділікке шақырды.

Сәбилерге арнайы сыйлықтарын табыстап, «Түркістан» мейрамханасында арнайы дастархан жайылып, баршасы дәм татып, мәре-сәре  болып қайтты.

Қуанышында шек болмаған сәбилер имамдарға, кәсіпкерлер ағаларға өз ризашылықтарын білдірді.

 Нұрлан САМАТҰЛЫ, 
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру