Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамағатқа жағымды уағыз насихатталды

08.06.2014 3735 0 пікір

Шымкент қалалық «Абдулхамид Қаттани» атындағы мешітте өткен кезекті жұма намазынан кейін, белгілі исламтанушы, ҚМДБ-ның жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Арман Қуанышбаев жиналған жамағатқа өнегелі уағыз айтып өтті. Айтулы ғалым аталмыш мешіттің бас имамы Абдрахманов Бақдаулет қажының арнайы шақыртуымен келген болатын.

Уағыз кезінде исламтанушы ғалым трансплантация жасаудың үкімі, ата-ананы құрметтеу және Бәраат кеші тақырыбында дағуат жүргізді.

Трансплантация мәселесін қозғау барысында Арман Қуанышбаев ҚМДБ-ның 29 мамыр, 2014 жылы шығарған пәтуасын негізге ала отырып сөз қозғады.

Донорлықпен айналысу, басқа адамның денсаулығын сақтаумен қатар, адамның гуманизм, мейірімділік, қайырымдылық және патриотизм сияқты жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейтінін айтып өткен Арман Қуанышбаев, бұл амалдың адамды қорламайтын дәрежеде белгілі бір шарттарының толық орындалуы тиістігін де айтып өтті.

Сонымен қатар, жамағаттың арасында жастардың да көптеп жиналуына байланысты, ата-ананы құрметтеу, ұлттық дәстүріміздің Исламмен байланысты құндылығы және Бәраат кешінің сауабы мен нығметтері әңгімеге арқау болды.

Жиын соңында жамағаттың сұрақтарына жауап берілді.

 Шымкент қалалық
А. Қаттани мешітінің
баспасөз қызметінен

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру