Қасиетті жұма күні Ақсай қаласында орналасқан «Бөрлі» аудандық мешітіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, салтанатты ашылуы болып өтті.
Жаратушы Алланың жердегі үйі - мешіттің ашылуымен жалғасын тауып, күллі мұсылман жамағатын қуанышқа кенелтті. Бөрлі аудандық мешіті ел игілігі үшін пайдалануға берілді. Күрделі жөндеуден өткен мешіт аудандық әкімшіліктің ұйымдастыруымен жеке кәсіпкерлердің қолдауымен қайта қалпына келтірілді.
Біз әлімсақтан мұсылман халықпыз. Ол анық дүние. Ата-бабамыз ислам дінін құрметтеп, баласын сүндеттеп, ақ некесін ардақтап өткен.
Салтанатты шара сөз алған ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы барша жамағатқа ақ тілегін білдіріп, «Бірлік» жайында уағыз айтып, жамағатты ауызбіршілікке, ынтымаққа шақырды.
Одан кейін облыстық дін істері басқармасының басшысы Талғат Нығметов құттықтау сөзін жеткізсе, аудан әкімі Марат Түсіпқалиев иманды азаматтардың жомарттығы арқасында Ақсай қаласында орналасқан әсем де ажарлы мешіт кімнің болса да қөзайымына айналғаны сөзсіз. Мешіттің күрделі жұмыстарына атсалысқан ел ағаларына, иманды азаматтарға алғысын жеткізді.
Көпшілік алдында облыс имамы Руслан Тыныштықұлы Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Мейрамбек Абдрахмановқа қасиетті Құран кітабын ұсынды.
Халық тағатсыздана күткен қасиетті жұмада ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы «Донорлық немесе трансплантация жасаудың шариғаттағы орны» жайында уағыз айтып, құран оқылып, дұға жасады.
Жиылған қауым «Парасат» дәмханасында арнайы жайылған дәмнен татып, құран оқылды.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.06.2014
4050
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру