Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жаңа имам тағайындалды

07.06.2014 3740 0 пікір

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен 6-шы маусым күні Атырау облысы, Махамбет ауданына қарасты «Махамбет селолық мұсылмандар» мешітіне Сүйінов Райымбек Қажыбекұлы жаңадан имам болып тағайындалды.

Сүйінов Райымбек Қажыбекұлы 13.04.1980 жылы дүниеге келген. 2013 жылдың 11-ші наурызынан бастап күні бүгінге дейін ҚМДБ Республикалық ислами діни бірлестігінің филиалы «Махамбет селолық мұсылмандар» мешітінің молдасы қызметін атқарып келген.

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, облыстық «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы жаңа қызметке тағайындалған Райымбек Қажыбекұлына асыл дініміз Исламды насихаттауда аянбай абыройлы қызмет етуіне сәттілік тіледі. Сондай-ақ, жаңа қызметке білек сыбана кіріскен имам өзіне тапсырған  дін аманатын сеніммен ақтауға бар күш-жігерін салатынын жеткізді.

Сөз соңында өкіл имам осы уақытқа дейін аталмыш қызметті атқарған Кенжалиев Жайлыбек Өтегенұлына, қиын-қыстау кезеңінде абыроймен атқарған еңбегі үшін жамағат алдында ерекше алғысын білдірді.

 «Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру