Шарапаты мол Шағбан айының басталуымен “Халықаралық балалар қорғау күні” тұспа-тұс келуі мұсылмандарды қуандырып, салихалы амал, ізгі істерді істеуге құлшындырғаны хақ.
Өскемен қалалық “Мұхаммади” мешітінің имамы Ибрагим қажы Қарнақбайұлының мұрындық болуымен мешіт жамағаты бірлесіп “Бір бала қуанса – періште қуанады” атты қайырымдылық шара ұйымдастырылды. Жүрегі ізгі, жаны жомарт жандардың қолдауымен 94 мың теңге көлемінде қаржы жиналды. Бұл сомаға Өскемен қаласының іргесіндегі Ахмер ауылындағы “Балалар ауылындағы” жалпы саны тоғыз үйде тәрбиеленіп жатқан 70-тей балаға базарлық дайындалды. Бұл шараға арнайы: найб имам Машайық Ханнан, мешіт қызметкері Бахытхан және Талшын ұстаз барып қайтты.
Жетімнің асыраушысы болмасақ та жетімнің жүзіне күлкі, жүрегіне жылылық ұялату ниетімен Ахмер кентіндегі, “Балалар ауылына” бардық. Біздің ыстық ықыласымызбен берген сый-сияпаттарды алған балалардың ризашылықтары олардың жүздерінен, жадыраған көздеріндегі қуаныштарынан байқалып тұрды. Алла Тағала «Ниса» сүресінің 9-шы аятында: «Кімде-кім артында қалатын ұсақ (жас) балаларына қандай қамықса, басқалардың жетім қалған ұсақ (жас) балалары үшін де сондай қамықсын (жетімдер туралы) Алладан қорқып турасын айтсын деген». Бұл аятта: “Ата-анасы көз жұмып жетім қалған балалардың әкесінің орнына екінші әке болған адам сол жетім балалардың орнына өз балаларын қойып ойлап көрсін деген мағына шығады.” Имам Мәжәдан жеткен хадисте Алланың елшісі (с.ғ.с): “Жетім мен жесірдің ас-суы мен киім-кешегі үшін көмек қолын созған кісі Алла жолында жиhад жасағанмен, әр түнін намаз оқып және күндіз ораза ұстаумен өткізген адам сияқты”, – дейді.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): “Мұсылман адамдар тұратын үйлердің ең жақсысы – жетімі бар үй. Ол үйде жетімге құрмет көрсетіледі”, – деген маржан сөзін еске алып, жетімге қол үшін беретін салт-дәстүріне енген, жетімін жылатпаған халқымызға “Алла тағала оларды мейіріміңе бөлеп, нұрыңды төге көр!” – деп дұға қылып қайттық.
“Мұхаммади” мешітінің
наиб имамы Қ.Машайық
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.06.2014
3851
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру