ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы имам-молдалардың қайырымдылық шараларына ерекше көңіл аудару керектігін баса тапсырған еді. Осы орайда маусым айының 6-шы жұлдызы ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлының мұрындық болуымен қасиетті Шағбан айында жамағат тарапынан қайырымдылық шарасы жүзеге асты.
Атап айтқанда Бисембайұлы Әділхан есімді 4 жасар сәбидің қатерлі сырқатқа ұшырап, шетелде шұғыл ота жасату қажеттілігі туындауы себепті мешіт жамағаты қаржылай 344.000 теңге көлемінде көмек қолын созды.
Жоғарыда аталған қаржылай көмекті «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы Нұрлан Бекболатұлы өкіл имам мен жамағат атынан ата-анасына табыс етті.
Көзіне жас алған сәбидің анасы Ләззат Құбашқызы дән риза болып, дін қызметкерлеріне айрықша алғысын білдірді.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.06.2014
3257
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру